logo
  • 8 (7213) 98-10-98 Приёмная

  • 8 (7213) 44-85-44 Единый номер регистратур  

  • 8 (7213) 30-34-01 Телефон для беременных  

  • 8 (7213) 98-38-53 Служба поддержки пациентов

  • 8 (708) 430-33-60

  • 8 (708) 430-34-01 Для беременных (WhatsApp)

  • Дүниежүзілік қант диабеті күні (14 қараша)

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен 1991 жылы әлемде қант диабетімен аурушаңдықтың көбеюі туралы алаңдаушылыққа орай белгіленді.
    14 қарашада канадалық дәрігер және физик Фредерик Бантинг дүниеге келді, ол инсулинді (қандағы қантты немесе глюкозаны реттейтін гормон) ашты, ол үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.

    Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.
    Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
    Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз
    (инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.

    Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.

    Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді
    Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды:

    Диабетпен қан, ауалы – тамшылы немесе жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес.

    Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.

    Оставить комментарий →

Некоторые фотографии