ЕГЕР СІЗ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНДЕГІ (АҚМ) ШАРТПЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛАЙ САҚТАНДЫРЫЛУ КЕРЕК
АҚМ ШАРТ БОЙЫНША ЖАРНАЛАР КӨЛЕМІ
Сіздің кірісіңізден жарнаны қызмет алушы ұстап қалып, өзі аударады.
Жарналар есептелетін ең жоғары сома 10 ең аз жалақыдан немесе 425 мың теңгеден аспауы керек.
2020ж. – шарт сомасынан 1% 2021 ж. – шарт сомасынан 2 %
ҚАНДАЙ ТҮРДЕ ТӨЛЕУ КЕРЕК?
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды — 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
1.Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
2. «Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз.
3. ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз.
4. Тізімнен кезеңді таңдаңыз.
5. Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз.
6. Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
ЖАРНА ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.
Қызметкер МӘМС үшін аударылған сомалар туралы анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) өзі барып ала алады.
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.