ЕГЕР СІЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАЛАЙ САҚТАНДЫРЫЛУ КЕРЕК
ЖАРНАЛАР КӨЛЕМІ
Жарналардың екі түріне назар аударыңыз:
Өзіңіз үшін — 1,4 ең аз жалақының 5% немесе 2 975 теңге;
Қызметкерлер үшін — жалақының 2%, сондай-ақ қызметкердің жалақысынан 1% ұсталады.
ҚАНДАЙ ТҮРДЕ ТӨЛЕУ КЕРЕК?
Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына аударыммен де төлеуге болады.
Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер
KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161
БСК GCVPKZ2A
ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды — 121
ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122
Сондай-ақ, Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, Халық банкі, QIWI және KASSA 24 терминалдары арқылы
QIWI және KASSA 24 терминалдарында төлем жасау бойынша нұсқаулар
1.Терминал мәзірінде «айыппұлдар, салықтар, мемлекеттік қызметтер» немесе «қызметтерге ақы төлеу» бөлімін таңдаңыз.
2. «Басқа төлемдер» бөліміне, содан кейін «Медициналық сақтандыру қоры» қызметіне өтіңіз.
3. ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіңіз.
4. Тізімнен кезеңді таңдаңыз.
5. Төлем жасаңыз және «төлеу» түймесін басыңыз.
6. Чекті электрондық поштаңызға жіберіңіз немесе басып шығарыңыз.
ЖАРНА ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жарнаны үш ай ішінде төлемеген жағдайда азамат медициналық көмек алуды МӘМС пакетінде тоқтатады. Бұл жағдайда оған тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміндегі (ТМККК) бастапқы және жедел медициналық көмек қол жетімді болып қала береді.
Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.
МӘМС бойынша берешек үшін жеке кәсіпкер мен жұмыс берушілерге төлемнің күнін қосқандағы әрбір кешіктірілген күн үшін 1,25% көлемінде айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 92-1-бабына сәйкес жұмыс берушінің МӘМС үшін аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы төлемді уақтылы немесе толық төлемегендік ретінде ескертуге әкеп соғады.
Әкімшілік жаза берілген кейін жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға төленбеген, уақтылы және толық төленбеген аударымдар сомасының 20% мөлшерінде, орта кәсіпорындарға 30% мөлшерінде, ірі кәсіпорындарға 50% мөлшерінде айыппұл салынады.
Сұрау бойынша қор сақтандырылған немесе сақтандырылмаған қызметкерлердің жағдайы туралы және сұралған кезеңге енгізілген қаражат мөлшері туралы ақпарат бере алады.
1406 номері бойынша сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.