АГРЕССИВТІ ИТПЕН КЕЗІККЕН КЕЗДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТӨРТ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕСІ: -Итке қарсы жүрмеңіз, тіпті жүгіруге де болмайды. -Кенеттен қозғалмаңыз. Қолыңызды сермеңіз, тас лақтырмаңыз, таяқпен қорқытпаңыз (жануар қорыққанынан қарсы секіруі мүмкін). -Итке тура қарамаңыз. Тікелей көзқарасты ол қауіп ретінде, қарсыласу ретінде қабылдайды. Толығымен бұрылып, артқа тұрып немесе кем дегенде басты бұрып, сәл еңкейіп, жоғары көтермеген жақсы – бұл адамның қауіп төндірмейтіндігінің белгісі – иттер ешқашан арт жақтан шабуыл жасамайды. Қозғалыссыз тұрып қалған жөн – бұл да шегінуге белгі болып табылады. -Ешбір жағдайда байланысқа түспеңіз, еркелетпеңіз, тамақтандырмаңыз: ол қызығушылық танытып, тамақ іше бастауы мүмкін, кездейсоқ кенеттен қозғалыс немесе дыбыс шықса (мысалы, телефон қоңырауы), қорқып, шабуыл жасауы мүмкін. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Егер баланы иттер қоршап алса, не істеу керек? Егер баланың портфелі болса, оны арқасынан шешіп, ақырындап кеудесіне алғаны дұрыс: иттер негізінен алдыңғы жақтан шабуылдайды. Бойын аласартып, қолмен қорғанып, басты тығып, отыра қалуға болады. Оларға тура қарамауға тырысу керек. Бала егер «күшікше» қыңсылап жылай бастаса иттер шегіне бастауы тиіс, әдетте олар күшіктеріне тиіспейді. Егер жақында қабырға болса ақырындап барып, арт жақтан секірмейтіндей етіп жабысып тұрған дұрыс (кейде иттер артқы жағынан шабуыл жасайды, бірақ мұндай жағдайларда олар аяқтан қауып, аумақтан қуып жібереді). Арандатушы иттер болады: олар артқы жақтан секіретіндей кейіп танытады, адам өзін-өзі игере алмай қалады және қолын сермей бастайды-бұл көшбасшы иттің шабуыл жасауына және оның соңынан басқаларының жабылуына себеп болады. Егер бала тыныш тұра берсе, олар оған деген қызығушылығын жоғалтып, кетіп қалуы мүмкін. Иттер шегіне бастағанда бірден қашып кете алмайсыз, олар өршеленіп қайта секіруі мүмкін. Олардың алыстап кетуін күткен дұрыс, содан кейін ғана әрі қарай жүріп кетуі керек.