logo
  • 8 (7213) 98-10-98 Приёмная

  • 8 (7213) 44-85-44 Единый номер регистратур  

  • 8 (7213) 98-66-42 Справочная  

  • 8 (708) 430-23-82 Служба поддержки пациентов
    8 (708) 430-34-01 Единый номер регистратуры



  • 8 (800) 080-88-87Получение информации о лекарствах

  • Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек 

    Іске асырылды: ҚР 28.10.2015 жылы «Халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі).

    Заңмен әлеуметтік төлемдердің жекелеген түрлерін (4 және оданда көп балалары бар отбасыларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылары «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» алқаларымен наградталған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға төленетін жәрдемақылардан басқа), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы)  біріңғай жәрдемақыға өзгерту қарастырылады, отбасының еңбекке жарамды мүшесінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шартымен.

    Жаңа нысандағы АӘК-ті ұсынудың жалғыз өлшемі болып отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен болуы.

    Жаңа нысандағы АӘК 2 түрге бөлінетін болады: шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек.

    Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды  мүшелері жоқ отбасыларға, мүгедектер немесе егде жастағы зейнеткерлері бар отбасыларға, отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себеппен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыса алмайтын отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұсынылады.

    Шартты ақшалай көмек құрамында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға ұсынылатын болады.

    Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін міндетті талап болып алушының (отбасының) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу бойынша және Жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыруға (оқуға) көмек көрсету және өзге де әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша міндеттерін анықтайтын отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшартын жасасу  болып табылады.

    Ақпаратты Чайковский көшесі, 22-үй, мекенжайы бойынша 2-қабатта орналасқан «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің № 3 кабинетінен ала аласыз. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма сағат 9.00-18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00-ге дейін.

    Оставить комментарий →

Оставить комментарий

Cancel reply

Некоторые фотографии