logo
  • 8 (7213) 98-10-98 Приёмная

  • 8 (7213) 44-85-44 Единый номер регистратур  

  • 8 (7213) 98-66-42 Справочная  

  • 8 (708) 430-23-82 Служба поддержки пациентов
    8 (708) 430-34-01 Единый номер регистратуры



  • 8 (800) 080-88-87Получение информации о лекарствах

  • ЖИТС-пен күрес

    Жылсайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алады.
    Дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа арналады.
    Биылғы жылдың тақырыбы «Жаһандықынтымақтастық, ортақ жауапкершілік».
    Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік ауқымда қойып отырған міндеттердің өсіп келе жатқан тізімін толықтырады:
    1988 жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жаһандық денсаулық сақтау тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық күні болды. БҰҰ агенттіктері, мемлекеттер және азаматтық қоғам жыл сайын АИТВ-ға байланысты белгілі бір мәселелерге арналған науқанды өткізу үшін күш біріктіреді.
    * Әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар өткізіледі.
    * Көптеген адамдар қызыл лентаны тағады — АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен хабардар болудың, қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық белгісі.
    * АИТВ жұқтырған адамдар өз өмірлерінің маңызды тақырыптары бойынша пікір білдіруге мүмкіндік алады.
    * АИТВ-мен өмір сүретін адамдар топтары және ЖИТС -ке қарсы іс-қимылмен айналысатын басқа да қоғамдық ұйымдар, өздері жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдауға және қаражат жинауға күш жұмылдырады.
    * ЖИТС індетіне байланысты, өткізілетін іс-шаралар, ағымдағы істердің жай-күйіне жалпы назар аударады.
    Қазақстан Республикасында 2020 жылы COVID-19 — ға байланысты, науқан қысқа мерзімде-16-22 қараша аралығында өтеді. Бұл ретте АИТВ-ның алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың көпшілігін онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.
    Биылғы жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның біздің әдеттегі өмірімізге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 пандемиясында адамның денсаулығы теңсіздікті азайту, адам құқықтары, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды мәселелермен тығыз байланысты екенін көрсетті. Олар бізден денсаулық сақтау саласындағы жауап беру шараларына, соның ішінде ЖИТС – тің алдын алу бойынша жаңа көзқарасты талап етеді.
    Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні адамдар мен үкіметтерге АИТВ-индеті әлі де бар екенін еске салып, өзектілігін сақтап отыр.

    Оставить комментарий →

Некоторые фотографии