logo
  • 8 (7213) 98-10-98 Приёмная

  • 8 (7213) 44-85-44 Единый номер регистратур  

  • 8 (7213) 98-66-42 Справочная  

  • 8 (708) 430-23-82 Служба поддержки пациентов
    8 (708) 430-34-01 Единый номер регистратуры



  • 8 (800) 080-88-87Получение информации о лекарствах

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ  САҚТАНДЫРУ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ

Соңғы 3 айда жарналар төлемеген жағдайда МӘМС пакетіндегі медициналық көмек шектеледі, ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі елдің барлық тұрғындары үшін қол жетімді болады

КІМ ЖӘНЕ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

  • Қызметкердің жалақы көлемінің  2 % -ын жұмыс беруші төлейді;
  • Қызметкердің жалақысынан  1%  ұсталады.

ҚАНДАЙ ТҮРДЕ ТӨЛЕУ КЕРЕК?

Жарналарды қолма-қол ақшамен де, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ банктік шотына  аударыммен де төлеуге болады.

Төлемдер мен жарналарды аудару үшін реквизиттер

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

ҚЫЗМЕТКЕР ҮШІН Төлем мақсатының коды — 121

ЖК және АҚШ ЖТ ҮШІН Төлем мақсатының коды – 122


ЖАРНА ТӨЛЕУДІҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жұмыс беруші ай сайын, 15-ші күннен кешіктірмей, қызметкерлерге есептелген және ұсталған қаражат туралы ақпарат беруге міндетті.

МӘМС бойынша берешек үшін жеке кәсіпкер мен жұмыс берушілерге төлемнің күнін қосқандағы әрбір кешіктірілген күн үшін 1,25% көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 92-1-бабына сәйкес жұмыс берушінің МӘМС үшін аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы төлемді уақтылы немесе толық төлемегендік ретінде ескертуге әкеп соғады.

Сұрау бойынша қор сақтандырылған немесе сақтандырылмаған қызметкерлердің жағдайы туралы және сұралған кезеңге енгізілген қаражат мөлшері туралы ақпарат бере алады.

Әкімшілік жаза берілген кейін  жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда  шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға төленбеген, уақтылы және толық төленбеген аударымдар сомасының 20% мөлшерінде, орта кәсіпорындарға  30% мөлшерінде, ірі кәсіпорындарға 50% мөлшерінде айыппұл салынады.

1406 номері бойынша  сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығынан, сонымен қатар www.fms.kz сайтынан міндетті сақтандыру туралы көбірек біле аласыз.