Құттықтаймыз! Сіздің нәрестеңіз дүниеге келді. Перзентханада сізге оның туу туралы медициналық куәлігі және (перзентханадан медициналық анықтама) беріледі, ол лауазымды адамның қолымен және перзентхананың мөрімен расталуы тиіс және барлық қажетті мәліметтерді (баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жынысы, құжаттың берілген күні) қамтуы тиіс. Бұл құжат болашақта баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қажет болады. Баланың толыққанды азамат болуы үшін оның тууын тіркеу керек, нәтижесінде туу туралы куәлік беріледі. Бала туылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тіркеуге өтініш беру қажет. Өтінішті онлайн қызмет арқылы немесе туған жері бойынша ХҚКО-да беруге болады. Ілеспе қажетті құжаттар: Ата-ананың жеке куәлігі Ата-анасының неке қию туралы куәлігінің көшірмесі Туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі Баланы мемлекеттік тіркеу рәсімі 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады. Белгіленген мерзім бұзылған баланың тууы тіркелген жағдайда, төмендегілерді қосымша ұсыну қажет: Ата-аналардың түсіндірме жазбасы Баланың туған жері және ата-анасының тұрғылықты жері бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа) АХАТ анықтамасы Баланың тұрғылықты жері бойынша денсаулығы туралы анықтама Сіз онлайн өтініш бере аласыз және бірден баланың тууын тіркеуді, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуды, сондай-ақ баланы балабақшаға кезекке қоюды қамтитын қызметтер кешенін ала аласыз.